Ұлттық экономиканы құрылымдық-технологиялық жаңғыртудың ESG (Environmental, Social and Governance) тәсілдерін ескере отырып жаңа теориялық-әдіснамалық ережелері әзірленді, жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында басымдықтар айқындалды.
Көміртектік әлеуеті жоғары ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін жалпылау негізінде ұлттық экономиканы технологиялық жаңғырту мақсаттарына арналған ESG тұжырымдамалары, критерийлері мен қағидаттары әзірленді.
ҚР экономикасының базалық салаларының қазіргі технологиялық әлеуетін бағалау саласында жаңа білімдер қалыптастырылды, сондай-ақ базалық салалар кәсіпорындарының табиғи, адами және басқарушылық ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі әзірленді.
ҚР экономикасының базалық салалары кәсіпорындарының стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жүйесіне ESG тәсілдерін интеграциялаудың жаңа имитациялық модельі әзірленді.


